Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында «Айналайын» фестивалі өтуде
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Бородулиха ауданында балалар шығармашылығының «Айналайын» фестивалі өтуде. Биылғы фестивальдің ұраны - «Туған ел - алтын бесігім».
Фестивальді өткізудегі мақсат - Бородулиха ауданының дарынды балаларды анықтау. Бір айға созылатын фестивальдің аясында ауыл мектептерінің оқушылары ән айтудан, би билеуден, музыкалық аспаптарды орындаудан және мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін ортаға салады.
Шараны Бородулиха ауданының әкімшілігі, білім беру бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Семей қаласындағы «Илхам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.