Шығыс Қазақстанның кейбір өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін, желтоқсанның 4-і күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып,
None
None

секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

 Министрліктің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік аймақтарының ауа-райын атмосфералық ағымның өтуі анықтамақ. Республиканың солтүстік және солтүстік-шығысына Батыс Сібірдің орталық аумақтарына циклонның жылы ағымдары тарайтын болады.

 Ақмола және Қарағанды облыстарында - кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын болады.

 Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

 Оңтүстік Қазақстанда, түнде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

 Сондай-ақ осы тәулікте Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы өзендер мен көлдерде мұздың қатуы күшеймек, ал Шығыс Қазақстанның кейбір өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Сырдария өзенінде судың температурасы төмендейді  деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар