Шығыс Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде тағы бір парақор ұсталды

АСТАНА.  Тамыздың 6-сы.  ҚазАқпарат /Ғалымжан   Хасенов/ -   Осыдан  он шақты күн   бұрын (шілденің 24-інде) Шығыс Қазақстанның   түзету мекемелерінің  бірінде сотталған азаматқа    кезектен  тыс   сәлем-саухат беруге   көмектесу  үшін    

Шығыс     Қазақстанның  пенитенциарлық  жүйесінде  тағы бір парақор ұсталды

бақылаушыға  ақшалай     сыйлық беру кезінде  облыстың 36 жастағы  тұрғыны  ұсталғанын  ҚазАқпарат  хабарлаған   болатын.

Кеше қатаң  режимдегі  ОВ-156/20    мекемесінде  дәл осындай тағы бір оқиға  тіркелді.    Қылмыстық-атқару  жүйесінің ішкі  қауіпсіздік  қызметкерлері   қаржы полициясының    қызметкерлерімен бірлесіп тексеру  бөлмесінде жүргізген операция  барысында   мекеме  бақылаушысына    ақшалай сыйлық   беру үстінде  облыс орталығының 28 жастағы  тұрғынын ұстады. Бұл пара  да қамауда отырған  бір адамға кезектен тыс сәлем-саухат беруге  көмектесуге  арналған  болып шықты.

Құзырлы  органдар    процессуалдық шешім қабылдау  жөніндегі  мәселені    шешіп жатыр.