Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс Қазақстанның Зырян ауданының әкімі Рымхан Мусин жол апатында зардап шекті

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанның Зырян ауданының әкімі жол-көлік апатында зардап шекті.

Шығыс Қазақстанның  Зырян  ауданының әкімі Рымхан Мусин  жол апатында  зардап шекті

Сәрсенбі күні кешке, Семейге қызмет бабында іссапармен бара жатқан әкім Рымхан Мусин «жол апатына түсіп, ауыр зардап шекті», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік оқиғасы Өскемен-Семей тас жолында болған. Қазір Рымхан Мусин жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.