«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында кәсіби дайындық сынға түсті

Астана. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында өңірлік әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Николай Поспеловтің жетекшілігімен Әскери кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың күн тәртібінде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді аттестаттауды одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды. Оның мақсаты погон таққан адамдардың қызметтік іскерлігін көп жақты әрі объективті тұрғыда бағалау болып табылады. Сондай-ақ олардың кәсіби және іскерлік қабілеттерін қызметтерінде оң пайдалануына ықпал ету. Аттестация төрт кезеңнен тұрады. Қатардағы жауынгерлердің лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді аттестаттаудың алғашқы кезеңі 1 наурызда аяқталмақ. Екінші кезең дәл сол күні басталып, тура бір айдан соң 30 наурызда мәреге жетпек. Бұл кезеңде рота, взвод сержанттары мен бөлімше командирлерінің білімі мен білігі сарапқа түседі. 30 наурыз бен 11 сәуір аралығында өткелі отырған үшінші кезеңде батальон сержанттары аттестаттаудан өтетін болады. 13-18 сәуір аралығына белгіленген соңғы кезеңде бригада сержанттары бақтарын сынайды. Өңірлік қолбасшылықтың жоспарында төрт мыңнан астам келісімшарт бойынша әскери қызметшіні аттестаттау тұр. Қазіргі таңда бұл сыннан мыңнан аса әскери сүрінбей өтті. Қолбасшылыққа қарасты бөлімдерде аттестаттау арнайы бекітілген жоспарға сай жүруде. Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығымен қоса, әскери тәртіп пен тәрбие, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын айқындайтын бұл мәселені командирлер өздерінің жеке бақылауына толықтай алған.
Соңғы жаңалықтар