Шығыс Сібірде тербелісі 6,8 балл жер сілкінісі болды

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Сібірде жер сілкінді. Жерасты дүмпуін Иркутск облысының, Хакасияның тұрғындары сезінді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
None
None

Дүмпулер төрт-бес минут бойы сағат 15.19-дан (10.19 мск) 15.24-ке дейін байқалды. Биік үйлердің үстіңгі қабаттарындағы тұрғындардың жоғарғы сөрелердегі заттары жерге құлады. Терезелер дірілдеп, люстралар шайқады.

Байкал геофизикалық қызметі мен ТЖМ жер сілкінісінің кіндігінде болған оқиғаларды анықтауда.

Рейтер агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, жер сілкінісінің тербелісі 6,8 балл болған.

Соңғы жаңалықтар