Шығысқазақстандықтар жаңа әкіммен бірге тәртіп орнатуы, бұл істі кадрлық мәселелерден бастауы тиіс ? ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ШҚО активі

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан жұртшылығының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып жұмыс істеген Бердібек Сапарбаев облыс әкімі болып тағайындалды.
None
None
Облыстық Мәслихаттың депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған аймақтың жаңа басшысының кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс активінде сөз сөйлеген ел Премьер-Министрі осы кадрлық шешім үшін нақтылы алғышарт бар екендігін атады. Біріншіден, Б.Сапарбаевтың аймақтарды басқаруда үлкен тәжірибесі бар. 1995-1999 жылдары ол Қызылорда облысының әкімі болды, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстанды басқарды. Екіншіден, жаңа әкімнің алдына оның табысты шешуі үшін бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ретінде ? еліміздің өнеркәсіпті аймағының тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз ету маңызды міндеті қойылған.Облыс әкімі Әділғазы Бергеневтің қызметтен босатылуына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин түсініктеме бере келіп, ел басшыларының өңірдегі құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуіне қатты алаңдаушылық танытып отырғанын атады. 2008 жылдың қорытындылары бойынша облыстағы қылмыстық жағдай бұрынғыша күрделі күйінде қалып отыр. Бірқатар көрсеткіштер бойынша қылмыстың өскені байқалады. Бұл ретте, А.Мусин жергілікті билік тарапынан құқық қорғау органдарына белсенді қолдау көрсетілмей отырғанын атады. Өткен жыл ішінде Шығыс Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы 2 есе өскен. Түрлі деңгейдегі 14 әкім мен әкімдіктің 102 қызметшісі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты болған, бұл бір аймақ үшін тым жоғары сан екенін айтты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы. Облыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деңгейі бойынша республикада соңғы орында қалып отыр. «Шығысқазақстандықтар жаңа әкіммен бірге тәртіп орнатуы, бұл істі кадрлық мәселелерден ? мемлекеттің беделіне нұсқан келтіретін және оларға білдірілген жоғары сенімді ақтамайтын адамдарды мемлекеттік құрылымдардан тазартудан бастауы тиіс», ? деп сөзін түйіндеді А.Мусин.Сонымен қатар, А.Мусин билік құрылымдарында қылмыстық топтармен байланысы бар адамдардың жұмыс істейтінін айғақтайтын нақтылы фактілерді келтірді. Қазір құқық қорғау органдары айналысып жатқан, басшылық буын шенеуніктері арасындағы жақында болып өткен жанжал осыны тағы да дәлелдей түседі. Орын алған жағдайдың себебі ретінде Әкімшілік басшысы А.Бергенев тарапынан жасалған әлсіз бақылауды атады. Әсіресе бұл кадрлық тағайындауларға қатысты.Б.Сапарбаев ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оған білдірген жоғары сеніміне алғысын білдірді және оны ақтау үшін барлық күшін жұмсайтынына сендірді. Аймақтың жаңа басшысы облыстық мәслихат депутаттарына көрсеткен қолдаулары үшін ризашылық сезімін білдірді.К.Мәсімов дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аймақ басшысының айрықша назарында болуы тиіс екендігін атап өтті. Халықты еңбекпен қамту мәселелерін бақылауға алу қажет.
Соңғы жаңалықтар