Шылым қораптарынан Денсаулық сақтау министрлігінің ескертуі жойылады

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы желтоқсанның 26-сынан бастап темекі бұйымдарын өндірушілерге арналған жаңа техникалық регламент күшіне енді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сай, «Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: шылым шегу сіздердің денсаулықтарыңыз үшін қауіпті» деп жазылған дәстүрлі формуланың орнына қораптарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі басты конвенциясына сай жазулар жазылатын болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережелері бойынша қораптың беткі жағындағы алаңның 30 пайызы «Темекі тарту өлтіреді» деген жазуға берілуі тиіс. Қораптың артқы бетіндегі алаңның жартысына темекіні қолданудан келетін зиянды нақтылай түсетін жазба жазылуы тиіс: «Темекі тарту түсік тастауды асқындырады», «Темекі тарту өкпе қатерлі ісігіне әкеледі», «Темекі тарту белсіздікке ұшыратады» және т.б.

Тиісті түзетулерді енгізу үшін темекі өндірісінің компанияларына жарты жыл уақыт бөлінді. 2010 жылғы маусымның 26-сынан бастап ескі стандарт бойынша шылым шығаруға тыйым салынады. Ескі қораптағы сигареттерді сату бір жылға - 2011 жылғы маусымның аяғына дейін ұзартылуы мүмкін.

Бүгінгі күні Ресейде 40 миллионға жуық шылымқорлар бар. Ресейліктер темекі бұйымдарын 13 жастарынан бастап қолдана бастайды. Елдегі ересек шылымқорлардың жартысы күніне кемінде бір қорап темекі тартады.

Соңғы жаңалықтар