Шылым шегуден Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам көз жұмады - Ж.Баттақова

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Шылым шегуден Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам қайтыс болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Темекі шегуден бас тартудың бүкіләлемдік күніне орай өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмила Баттақова мәлім етті.

«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні Қазақстанда халықтың 27 пайызы немесе 4 млн. 200 мың адам темекі шегеді. 2001 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4 пайызға жоғарылады. Шылымға әуестенушілер әсіресе, әйелдердің арасында артуда. Егер бұған дейін шылым шегетін 1 әйелге 5 ер адамнан келсе, қазір бұл арақатынас 1/3-ті құрап отыр. Онымен бірге, бұл індеттің балалар мен жасөспірімдер арасында артуы қауіп тудырады», - деді ол.

Ж.Баттақова атап көрсеткендей, шылым шегуден Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам көз жұмады. Ал әлем бойынша темекі жыл сайын 6 млн.-ға жуық адамның өліміне себепші болады.

Орталық директорының айтуынша, өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында тұр. Жағдайлардың 90 пайызында өкпенің қатерлі ісігін темекі тудырады. Онымен бірге, темекі бронхы мен көмейдің ісігіне, миокарт инфаркіне, инсультке, түсікке, бедеулікке, пародонтозға, ағзаның және терінің ерте қартаюына алып келеді, репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар