Шымкент әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

ШЫМКЕНТ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасейітовтің өкімімен қала әкімінің орынбасарлары қызметін атқарған  Салыхан Полатов пен Абзал Әліқұлов Шымкент қаласы әкімінің кеңесшілері болып ауыстырылды.
None
None

Аппарат басшысы Ғалымжан Саметов қала әкімінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары қызметіне бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімін басқарған Гүлжан Құрманбекова ауыстырылды. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғани Құрманбай мал дәрігерлік бөлімін басқарады, ал оның орнына Жангелді Мақашов тағайындалды. Ал Берік Дүйсенов  Шымкент әкімі аппаратының басшысы болды.

 Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қайрат Молдасейітов ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар