Шымкент әкімі қала прокурорларын мектептерде тексеріс жүргізулерін тоқтатуға шақырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының әкімі қала прокурорларын мектептерде тексеріс жүргізулерін тоқтатуға шақырды.
None
None

Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов әкімдіктің кеңейтілген отырысында мектептердегі прокурорлық тексерістер туралы қатты айтып өтті. «Тексеріктер өте көп. Оларды тоқтату керек. Прокурорларды біздің отырысымызға шақыру керек еді. Менің ойымша, прокурорлардың мектепте істейтін істері жоқ. Прокурорлар қылмыскерлермен айналыссын. Бұл жерде нүкте қоюымыз керек, мен онымен жеке айналысамын», - деп мәлімдеді Шымкент әкімі.

Прокурорлық тексерістер жөнінде әкімге қалалық білім бөлімінің бастығы Ынтымақ Мәдиев шағымданды. Мінберге шығып сөйлеген сөзінде ол журналдарды көптеп тексеру мұғалімдердің жұмысына кедергі болып жүргенін айтты. Оның сөзінен кейін Шымкент әкімі прокурорларға тоқтау салатынына уәде берді. Осындай мәлімдеме жиналғандардың қолдау қошеметіне ие болды.

Кеңейтілген отырыста өзге де мәселелер талқыланған. Әкім Шымкенттің коммуналдық саласына да көп сын айтты. Қаланың жаңа басшысын қаланың көп жыл бойы ыстық сусыз болғаны, ал тұрғындарының аристон қолданып жүргені ашуландырды. Ол миллион тұрғыны бар қала үшін бұл қалыпты жағдай емес екенін айтты. Қала басшысы бұл салада тәртіп орнатуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар