Шымкент автобустарына электронды билет жүйесін енгізу қолға алынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының билігі Алматының «Оңай» жүйесін зерттеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«Биыл біз аталған жүйені енгізу бойынша жұмыстарды қолға ала бастадық. Қала әкімдігі автоматтандырылған билеттеу жүйесін енгізу жайын қарастырып жатыр. Әрине, Алматыдағы «Оңай» жүйесінің тәжірибесін зерттеп отырмыз. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімідігі басқа да компанияларды шақырып отыр», - деді Б.Атамқұлов.

Автоматтандырылған билеттеу жүйесі енгізілетін болса, автобустарда кондукторлардың орнына арнайы карточкалар қолданылатын болады.

Сонымен бірге, облыс басшысының сөзі бойынша, өңірдегі барлық ауылдарға интернет тарату жұмыстары қолға алынып отыр.

«Қазақтелекоммен бұл жұмысты бастап та кеттік. Егер әрбір ауылға кеңжолақты интернет жүргізілсе, балалар сапалы білім ала алар еді. Әрбір оқушы онлайн-сабақтарға қатысуға жол ашылады. Біз әрбір ауылға білімді ұстаздарды алып келе алмаймыз, сондықтан интернет арқылы сапалы білім алуға жол ашылғаны дұрыс болады», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар