Шымкент қаласында балабақша өртенді

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Жексенбі, мамырдың 30-ы күні Шымкент қаласындағы №73 мектептің балабақшасының оқу сыныбында өрт болды,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тілсіз жау 32 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылардың мәліметтері бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Өрт ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 19 маман мен 5 техниканың күшімен ауыздықталды», деп нақтылай түскен баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар