Шымкент қаласында кісі өліміне әкеп соқтырған жол апатына күдікті ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасады деген күдікпен 1985 туған азамат ұсталды. Аталған факті бойынша 296-баппен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ОҚО ІІД-інен.
«Мерседес-бенц» автобусының 1985 жылы туған жүргізушісі ұсталып, оқшаулағышқа қамалды», - деді ОҚО ІІД баспасөз қызметінде. Еске сала кетейік, жол апаты 1 қараша күні орын алған. Куәгерлер мен полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, «Мерседес-бенц» көлігі алдында тұрған «Донгфенг» автобусын соққан. Ал ол өз кезегінде «Ман» автобусына соғылған. Екі соққының салдарынан алған жарақаттарынан 1986 жылы туған азаматша оқиға орнында жан тапсырды. Ал 1985 жылы туған екінші қыз ауруханаға жатқызылды, омыртқасы зақымданған оған ота жасалмақ.