Шымкент қаласының "Ордабасы" командасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті,

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Шаиздин Кенжебаев жаттықтыратын Шымкент қаласының "Ордабасы" командасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сырт елдегі бұл жиын кезінде шымкенттіктер Украина, Ресей, Армения және Әзірбайжан командаларымен жолдастық кездесу өткізбек. Бас бапкер Ш. Кенжебаев оған 25 ойыншыны шақырып отыр. Олардың 9-ы сынақта жүрген футболшылар. Оның ішінде - "ақтөбелік" Ұлықбек Асанбаев пен Александр Митрофанов, "қайсарлық" Жасұлан Молдақараев пен Дауренбек Тәжімбетов («Қайсар») және "тараздық" Виталий Евстигнеев, "востоктық" Теофик Салхи, "локомотивтік" Қайрат Әшірбеков, "тобылдық" Азамат Әубәкіров, "оқжетпестік" Қуаныш Қарақұловтар бар.

"Ордабасы" футболшылары алғашқы жолдастық кездесуін қаңтардың 14-і күні Украинаның Донецк қаласының «Металлург» құрдастарымен өткізеді. Одан кейінгі екі ойында қаңтардың 17, 21 күндері Ресейдің Екатеринбург қаласының «Урал» және Краснодар қаласының «Кубань» аяқ допшыларымен сайысқа түседі. Ал 23-і күні Арменияның Ереван қаласындағы «Мика» және 25-і Әзірбайжанның Баку қаласындағы «Интер» клубтарымен бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар