Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкент пен Тараз тұрғындары Тәжікстанда болған жер сілкінісін сезді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тәжікстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді.

Шымкент пен Тараз тұрғындары Тәжікстанда болған жер сілкінісін сезді

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станса желісінің ақпаратынша, 2015 жылы 10 тамызда Алматы уақытымен сағат 16:05:31 жер дүмпуі тіркелді, оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 826 км жерде Тәжікстан аумағында болды.

«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 13.9. MPV магнитудасы - 6.6. Тереңдігі - 120 шақырым.

Сезілу туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қ., Тараз қ. - 2 балл», - делінген хабарламада.