Шымкент полицейлері пара алып жатқан жерінен ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы ІІД-нің Қаратау полиция бөлімінің екі учаскелік инспекторы 1 000 доллар көлеміндегі параны алу үстінде ұсталды, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің баспасөз қызметінен.
«Сол алдындағы тексеру барысында полиция капитандары Е. Ергебеков пен А.Әуезов азаматтан есірткілік заттардың заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылық фактісін жасыру және оң шешім қабылдау үшін 5 000 доллар көлеміндегі ақшаны талап еткені белгілі болған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Полицейлерге қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабымен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде олар қамауға алынды.
Тағы бір қылмыстық іс олардың әріптесіне қатысты қозғалған. Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу қызметкерлерінің мәліметтерінше, Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкері Ж.Жақыпов 10 мың теңге көлеміндегі параны алу кезінде ұсталған. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл соманы ол шартты түрде жазаланған азаматшаның тәртібіне бақылау жасау кезіндегі қамқорлығы үшін бопсалаған.
Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 366-бабы («Заңсыз әрекеттер үшін пара алу») бойынша сол алдындағы тергеу жүргізілуде.