«Шымкент Сауда-логистикалық орталығының» бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шымкент қаласының Сауда-логистикалық орталығы» ЖШС-ның бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Шымкент Сауда-логистикалық орталығының» бұрынғы директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексі 176 бабының 4 бөлімі «б» тармағы, яғни сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсап жіберу әрекеті бойынша қозғалды.

Белгілі болғандай, 2012 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін экс-директор өзінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып, бюджеттік қаржыны жымқырған. Бұл қаржы әлеуметтік маңызды тауарлардың тұрақтандыру қорын құру үшін бөлінген. Мемлекетке жалпы сомасы 90 млн. теңгеге шығын келтірілген.