Шымкент - трансплантологиялық ота жасайтын еліміздегі үшінші қала

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жұмағали Исмаилов атқарылған жұмыстар жөнінде журналистерге берген баспасөз маслихатында мәлімдеді, деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Облыста 5 жылда 308 денсаулық нысаны салынды, оның ішінде - 261 бастапқы медициналық көмек көрсету мекемесі, 10 емхана, 56 дәрігерлік амбулатория. Сонымен қатар, 152 медицина ұйымы күрделі жөндеуден өтті. «Нұр Отан» тұғырнамасы бойынша салынатын 41 нысанның 13 пайдалануға берілді, қалғандары алдағы екі жылда іске қосылады. Материалдық-техникалық жабдықтау бес жылда 2,5 есеге өсті. Мамандар тапшылығы 2 есеге, ауылды жерде 2,5 есеге төмендесе, медицина қызметкерлерінің 86 пайызы әлемдік стандарттарға сәйкес біліктілігін арттырды. Сондай-ақ жоғары технологияларды енгізу бес жыл ішінде 4 есеге өсті. Шымкент қаласы - трансплантологиялық көмекті ендірген республикамыздағы 3-ші қала болса, екі жылда облыста 31 науқасқа бүйрек ауыстыру отасы жасалды, деп мәлімдеді басқарма басшысы Ж.Исмаилов.