13:33, 12 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Шымкент тұрғыны өзін өзі өртеп жіберді
ШЫМКЕНТ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шымкент ауруханасында өзін өзі өртеген 30 жастағы ер адам көз жұмды.

Оның денесінің 65 пайызын күйік шалды. Қайғылы оқиғаның куәгерлері баяндағандай, олар пәтерден шыққан түтіннің иісін сезіп, құтқарушыларды шақыртты. Алайда өртенген пәтердің есігі жабық болды, адамдарды терезелер арқылы құтқаруға тура келді. Кіреберістен барлығы 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Медициналық қызметкерлердің мәліметтерінше, ер адам өзін зайыбымен болған ұрыстан кейін жағып жіберді. Денесінің 15 пайызын күйік шалған әйел әлі де ем алуда.