Шымкент тұрғынын ұрлаған іздеудегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ұсталды

ШЫМКЕНТ. 21 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Найзағай» операциясының барысында адам ұрлағаны үшін іздеу салынған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі - 48 жастағы Жәрменовтің тұрғылықты жерін анықтады және «Арлан» арнайы бөлімшесі қызметкерлерімен бірге оны қолға түсірді. Ұстау кезінде Жәрменов полицейлерге қарсылық көрсетті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. «Ұсталған қылмыскерге қатысты іс сотқа жіберіледі», - деді баспасөз хатшысы.

Ұсталған адамға ҚР ҚК-нің 3-бөлімі 181-бабы «бопсалау» және 2-бөлімі 125-бабы «адам ұрлау» бойынша қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын. «2010 жылғы 31 мамырда азаматтар Маманазаров пен Жәрменов Шымкент тұрғынын ұрлаған. Оны қала сыртына алып шығып, ұрып-соққан және 3 млн. теңге ақша талап еткен. Жәбірленуші қорыққанынан осы ақшаны тауып беруге уәде берген», деді С.Қаракөзова. Одан кейін жәбірленуші ішкі істер органына шағымданған.

2011 жылғы 11 маусымда жедел шаралар барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері ақшаның бір бөлігін алу үстінде ОҚО-ның Сайрам ауданының тұрғыны Маманазаровты ұстаған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар