Шымкент тұтынатын электр энергиясының жартысы «Қазақстанның солтүстігі-Оңтүстігі» жаңа транзитті желісі арқылы өтеді

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «KEGOC» АҚ жүзеге асырған «Қазақстанның солтүстігі-Оңтүстігі» жаңа транзитті екінші желісінің іске қосылған сәтінен бастап Шымкент тұтынатын электр энергиясының жартысын жаңа желі арқылы алады.

Шымкент тұтынатын электр энергиясының жартысы «Қазақстанның солтүстігі-Оңтүстігі» жаңа транзитті желісі арқылы өтеді

«Бүгінгі күні Шымкент сағатына небәрі 112 мегаватт электр энергиясын алып отыр. Олардың ішінде 50 мегаватты - «Қазақстанның солтүстігі-Оңтүстігі» жаңа транзитті желісі арқылы қабылдайды», - деді «Энергия ағыны» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Оксана Иванова.