Шымкент-Жетісай автожолының бойында салынып жатқан жанар-жағар май құю стансысында 3 адам мерт болды, тағы 1-еуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Шымкент-Жетісай автожолының бойында, құрылысы жүріп жатқан жанар-жағар май құю (ЖҚС) стансысында 3 адам мерт болып, тағы 1-еуі ауруханаға жеткізілді.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қыркүйектің 11-і күні күре жолдың 693-ші шақырымында салынып жатқан ЖҚС-тың шлакты-блог қабырғасының құлап түсуі салдарынан 21, 25 және 24 жастағы үш құрылысшы алған жарақаттардан сол орында мерт болды, 22 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы - Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Соңғы жаңалықтар