Шымкент жүргізушілері қауіпсіздік белдігін тағу туралы талапты елемейді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент жүргізушілері қауіпсіздік белдігін тағу туралы ЖЖЕ талабын елемейді. Екі тәулік ішінде Шымкентте 222 құқық бұзушылық тіркелген.
None
None

Екі тәуліктің ішінде 194 жүргізуші ұялы телефонмен сөйлескені үшін,142 жүргізуші - әйнектерді тұмшалағаны үшін, 88 жүргізуші - жол белгілері мен таңбаларын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.  «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасының нәтижесі осындай.

Одан бөлек, автокөлікті құжатсыз басқарған 40 жүргізуші, алкогольді ішімдік ішкен 11 жүргізуші анықталды. Жолда жүру ережесін бұзған 127 жаяу жүргінші жазаланды.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі екі тәулікте жалпы саны 1003 ереже бұзушылықты тіркегенін, 70 көлікті айып тұрағына жібергенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар