Шымкентке барып, 150 грамдай героин алып қайтқан Орал қаласында тұратын 27 жасар азаматша ұсталды
ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан, еш жерде жұмыс жасамайтын 27 жасар Л. деген азаматшаны ұстады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш әйел өзінің құрбыларымен бірге Шымкентке барып, 150 грамдай героин алып, кейін қайтады. Ақтөбеге дейін пойызбен келген олар шекарадан өтпеу үшін Оралға такси жалдап келеді. Оралда пәтер жалдап тұрған әйел алдымен 0,41 грамм, кейін 0,27 грамм героинді өткізіп үлгереді. 25 қаңтар күні әйелдің жалдап тұрған мекенжайын тінту кезінде 118,98 грамм героин табылды. Кейін өзі ұсталған кезде 3,29 грамм героин тағы шықты.
Қазіргі кезде оның құрбыларының да есірткі сатуға қатыстылығы тексерілуде.