«Шымкентсыра» зауытының иесіне тиесілі көліктер полиция тұрағына қойылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 30 қаңтар күні ұсталған «Шымкентсыра» зауытының иесіне тиесілі көліктері Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің тұрағына қойылды.
Полиция департаментінің тұрағынан белгілі кәсіпкердің күзетшілері мініп жүрген жол талғамайтын көлікпен бірге сары түсті спорттық көлікті де көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары инспекторлардың Митцубиси көлігін эвакуаторға тиеп, алып кетіп бара жатқан сәтін де суретке түсіріп алған, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бұл автокөліктер 30 қаңтар күні Шымкентте өткен арнайы операциядан соң тұраққа жеткізіліп отыр.
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ өкілдері жүргізген операция нәтижесінде қалталы кәсіпкер Тоқтар Төлешев және бірнеше адам қолға түскен болатын.
Қолға түскендердің бірі - Шымкенттегі ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешов, деп мәлім еткен болатын ішкі істер министрлігінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
«Олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын соттың санкциясы бойынша тінту кезінде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленді. Сараптамалар тағайындалды, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр».