Шымкентте 12 жасар қыз екі бауырын өрттен құтқарып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы төтенше жағдай департаменті басшылығы 2010 жылы туған Саворовская Анна Юрьевнаны арнайы марапатқа ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 15 шілде күні кешкісін болған.

Қайнар бұлақ саяжайы, Зеленая көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама «101» диспетчерлік пунктіне сағат 22.03 түскен.

Өрт сөндірушілер 10 минут ішінде белгіленген мекенжайға жеткен.

«Үйдегі 12 жасар қыз ұйықтап жатқан егіз інілерін түтін толы үйден қауіпсіз аймаққа шығарған. Жасөспірімнің жасаған ерлік іс-әрекеті Шымкент қаласы төтенше жағдай департаменті басшылығы назарынан тыс қалмайды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Жалпы ауа салқындатқыштағы токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тұрғын үйдегі тұрмыстық заттар жанған.

Мамандар жеткенше жергілікті тұрғындар өртті сөндіріп, үй иелеріне көмек көрсеткен.


Фото: otyrar.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram