Шымкентте 500 жауынгер салтанатты маршпен жүріп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы «Орталық» саябақта 7 мамыр - «ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Оңтүстік  Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл күні әскери оркестрмен 500 жауынгер «Ордабасы» алаңынан «Орталық» саябаққа дейін салтанатты маршпен жүріп өтіп, сап түзеді.

null

 Мерекелік жиынға қатысқан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша Оңтүстік жұрты мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне - 25 жыл толуымен құттықтады.
«Бүгінде Елбасының, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің арқасында Қазақстан армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды. Сондықтан бұл күн - Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн»,-деді әкім.

null

 Мұнан соң, облыс әкімі елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 17 азаматқа Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, ҚР мемлекеттік наградасы «Ерлігі үшін» медалін және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, ОҚО әкімінің грамотасы мен Алыс хатын табыс етті. Сонымен қатар, 10 азамат ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен наградталды.

null

 Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік шарада «Мәңгілік ел тұғыры - Қуатты Армия» - театрландырылған көрінісі қойылып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар, мерекелік басқосуда оңтүстікқазақстандықтар тікелей трансляция арқылы Астана қаласында өткен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадты тамашалады. 

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар