Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте Ақтаудағы жаттығу кезінде суға кеткен әскерилерді еске алды (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі облыстық әкімдікте Ақтауда жаттығулар кезінде суға батып кеткен әскери қызметкерлерді үнсіздікпен еске алды.

Шымкентте Ақтаудағы жаттығу кезінде суға кеткен әскерилерді еске алды (ФОТО)

Арнайы кеңеске Қорғаныс министрлігінің өкілдері, аймақтық әскери командирлер мен облыс басшылығы жиналды. Облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты. «Бұл оқиға көптеген қазақстандықтардың, әсіресе, өз ұлдарын әскерге бергендердің көңіліне қаяу салды. Мен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні «Центр-2015» жаттығулары кезінде орын алған. Теңізге БТР-80 алты бірлігі мен 52 әскери қызметкер шықты. Бронетранспортерлер теңізбен 150 метрдей қашықтықтан өтті. Алайда қатты жел салдарынан толқын көтеріліп, 4 техника суға батып кетті. Екі БТР жағаға шықса, басқалары суда қалып қойды.