12:51, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Шымкентте алаяқ әйел балалардың құны 1 млн. теңгеге жуық заттарын тонаған
ШЫМКЕНТ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары балаларды тонаған деген күдікпен 24 жастағы Шымкент тұрғынын қолға түсірді.

Ол қыз балалармен танысып, алтын әшекейлерін көруге сұрайды. Қолға түсірген соң жым-жылас жоғалатын болған. Сыртқы бейнебақылау камераларының арқасында күдікті ұсталды.
Тәртіп сақшылары оның 30 тонау және алаяқтық жайттарына қатысы бар екенін анықтаған. Жылпос тек балаларды алдайтын болған. Жапа шеккендерге келтірілген залал көлемі 1 миллион теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда «Тонау» және «Алаяқтық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.
Күдікті бұған дейін де осы тәріздес қылмысы үшін сотталған.