Шымкентте «Ашық есік күні» бизнес-форумы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, мамырдың 28-де Шымкент қаласында «Самұрық-Қазына» қорының және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» бизнес-форумы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда «Самұрық-Қазына» қорының делегациясы, яғни қордағы отандық кәсіпкерлікті қолдаумен айналысатын даму институттарының және компанияларының өкілдер кәсіпкерлікті қолдаудағы Қор тобы ұсынып отырған құралдармен таныстырады. Форум кезінде Қор өкілдері кәсіпкерлер мен даму институттары ынтымақтастығы арасындағы кездесетін кейбір түйткілді мәселелерді талқылайды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Назарбаев «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында жеделдетілген индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуге тапсырма берген болатын. Индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен қазір даму институттары айналысады. Қазіргі күні Қор құрамындағы компаниялар 146 инвестициялық жобаны қаржыландырып отыр. Оның 96 жобасы пайдалануға берілді. Қазір осы өндірістерде 20 мың жұмыс орны ашылды. «Даму» Қорының арқасында орта және шағын кәсіп саласындағы 8,5 мың субъект қолдауға ие болып, 26 000-нан астам жұмыс орны ашылды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қаржы және даму институттарын басқару жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеевтің айтуынша, Даму институттарының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманға сай тоқыма кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр, олар қазір ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да өнім шығарумен айналысады.

Қазір елде сегіз даму институты болса, соның бесеуі «Самұрық-Қазына» қорының құрамында. Олар: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстан даму банкі, Қазақстан инвестициялық қоры, Kazyna Capital Managment, Мемлекеттік экспортты сақтандыру корпорациясы.

Соңғы жаңалықтар