Шымкентте аймақтық норма шығармашылығының өзекті мәселелері, проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланған аймақтық семинар өтті

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Шымкент қаласында «Аймақтық норма шығармашылығының өзекті мәселелері, проблемалары және оларды шешу жолдары» атты аймақтық семинарын өткізді.

Шымкентте аймақтық норма шығармашылығының өзекті мәселелері, проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланған аймақтық семинар өтті

Семинарға Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының облыстық және аудандық әкімдіктердің, мәслихат аппараттарының, сондай-ақ аумақтық әділет органдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талабына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажет. Елбасының «Қазақстан - 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, қабылданатын заңдар мен шешімдер Стратегияға сәйкес болу керек. Нормашығармашылықтың сапасын арттыру, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларына маңызды, себебі аталған актілер азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қозғайды.

Семинардың мақсаты - жергілікті мемлекеттік басқару органдары нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, қабылданған актілерге мониторинг жүргізу, мемлекеттік тіркеу қажеттілігінің өлшемдерін анықтау кезінде кездесетін түйінді мәселелерді талқылау және шешу жолдарын табу болды. Мемлекеттік органдардың заң қызметі мамандарының арасында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау саласындағы жұмыс тәжірибелерімен тиімді алмасу болды.

Сонымен қатар, семинар барысында 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің барлық нормативтік құқықтық актілеріне міндетті түрде жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға қатысты мәселелер қарастырылды.

Семинардың нәтижесінде барлық қаралған мәселелер бойынша сөйленген сөздердің және әдістемелік ұсыныстардың жинағы әзірленетін болады.

Әділет министрлігі осындай әдістемелік семинарларды республика бойынша өткізуді жоспарлауда.