Шымкентте балалар мен жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыс әкiмiнiң орынбасары Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен әкiмдiктiң жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелерi жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiне аудан, қала әкiмдерiнiң әлеуметтiк салаға жетекшiлiк ететiн орынбасарлары, облыстық, аудандық және қалалық медициналық мекемелердiң басшылары қатысты.
None
None

Аталмыш жиында облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдердi дамыту басқармасының бөлiм басшысы Ғ.Жүсiпова, облыстық iшкi iстер департаментiнiң әкiмшiлiк полиция басқармасы басшысының орынбасары С.Ботабеков тұрғындар арасында өз-өзiне қол жұмсау (суицид) оқиғаларының белең алып бара жатқанына алаңдаушылық бiлдiрдi.

Жиналысқа қатысушылар қазiргi дағдарыс жағдайында әрбiр аудандар мен қалаларда осындай келеңсiз құбылыстарға бейiмдеу тұратын, мiнез-құлқы құбылмалы жастарға көмек көрсететiн психологиялық-консультациялық кабинеттердi ашу, суицидтiң алдын алу жұмыстарын жандандыру, психологтардың бөлмесiне сенiм телефондарын орнату туралы ұсыныстарын ортаға салды. Әр мекемеде бала тәрбиесiне байланысты ата-ана борышы туралы психологиялық және педагогикалық сабақ өткiзудiң артықтығы жоқ. Өйткенi, 18 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдердiң мiнез-құлқы аумалы-төкпелi. Сондықтан ата-аналардың, ұстаздар қауымының олармен тiл табысып, дұрыс қарым-қатынас орнатқандары абзал.

Мәжiлiске қатысушылар үйлестiру кеңесiнiң күн тәртiбiндегi бұдан басқа тағы үш маңызды мәселенi талқылады. Е.Айтаханов сала жетекшiлерiне оны шешу жолдары бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар бердi.

Соңғы жаңалықтар