Шымкентте банктердің филиалдарының бірі тоналды
ШЫМКЕНТ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте ірі банктердің бірінің филиалы тоналды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Тонау туралы ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Оның құрамына ОҚО ІІД мен Еңбекші АІІБ басшылығы кірді.
«Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасағандар бет-жүзіне медициналық бетперде киген екі азамат. Белгісіз азаматтар, банк ғимаратына кіргеннен кейін, күзетші мен қызметкерлерге пышақпен сес көрсетіп, шамамен 400 мың теңгенің ақшасын ұрлап, ізін суытты», - деп хабарлады баспасөз қызметі. Полицейлер оқиға орнын тексеру кезінде анықтағандай, банк ғимараты техникалық жағынан бекітілмеген, күзетші қарусыз болды. ҚР ҚК 179-бабы «Қарақшылық» бойынша тергеу жүріп жатыр.