Шымкентте белгілі ақынның жаңа кітабы жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Шымкент қаласындағы «Асқаралы» баспасынан белгілі ақын, қарымды қаламгер Қадыр Әлімқұловтың «Бәдізші біліктері» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Шымкентте белгілі ақынның жаңа кітабы жарық көрді

Бұл кітапқа қаламгердің тарихтан тағылым аларлық тәмсілдері енгізілген. Нақты оқиғаға құрылған, өнегелі өсиетке толы, мағынасы зор, мәні ерекше болып келетін туынды көркем тіл, тың образға бай.

Жаңа кітап оқырманын тарихтан тағылым алуға, салт-дәстүрді сақтауға және ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге үндейтіні анық.