Шымкентте блогерлердің әлеуметтік желілермен жұмыс мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйіндегі «Абай» конференц-залында журналистер мен блогерлерге арналған кезекті семинар өтті.
None
None

Семинарды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Семинар «Әлеуметтік желідегі селфбрендинг және фактчекинг негіздері» тақырыбында өтті. Бұл тақырыпқа «Хабар» Агенттігінің Арнайы жобалар қызметінің жетекшісі, «Жақсы» порталының бас редакторы, журналист-блогер Өркен Кенжебек әңгіме өрбітіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Біз өмір сүріп отырған қоғамда дәл қазір ақпарат көзі ұшы-қиыры жоқ теңіз секілді толассыз көп. Өздеріңіз білесіздер, әсіресе әлеуметтік желі ішінде ақпарат тасқыны басым. Әлеуметтік желі жас талғамайды, мамандық таңдамайды. Оның аудиториясы ұшан-теңіз. Сондықтан ғаламтор бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарымен иық тіресе, тіпті газет, телерадио құралдарынан бұрын жылдам ақпарат таратып үлгере алады. Алайда алапат ақпараттар мен мың-сан мәліметтердің қайсысы шынайы? Мұны қалай тексере аласыз? Осы сұрақтың түп-төркінін Өркен Кенжебек семинар барысында жиналғандармен бірге талқылады. Жалпы, журналистика мен блогингтің ұқсас тұстары және айырмашылығы неде? Осы тақырып аясындағы сауалдарға жаттықтырушы тұшымды жауап қайтарды.

Семинарға қатысушылар талқыланып отырған мәселеге қызу үн қосып, өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар