10:06, 03 Маусым 2014 | GMT +5
Шымкентте дәмхананы өрт шалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 5 жарымдар шамасында Шымкент қаласындағы Бәйдібек би көшесінде орналасқан екі қабатты «Береке» дәмханасының шатыры тұтанған.
210 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау бір сағаттан соң ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 70 қызметкерімен, 16 техника жұмылдырылып ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.