Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте екі шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында екі шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Шымкентте екі шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан бір әйел қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ

Жұма, 10 тамыз күні Шымкентте «Митсубиси» және «Опель» жеңіл көліктері соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Митсубиси» көлігінің ішінде отырған 66 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

Түрлі жарақаттар алған екі жүргізуші және олардың  жолаушылары ауруханаға жеткізілді.