Шымкентте ерекше бағдаршамдар іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте дыбысты бағдаршамдар іске қосылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұл көздері нашар көретін зағип жандарды қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Қала басшылығы бюджеттен бөлінген 6 млн. теңгеден астам қаржыға кәдімгі бағдаршамдар орнатылған 20 жолдың қиылысына дыбысты бағыттағыштарды іске қосып отыр. Бұл бағдаршамның ерекшелігі сол, қай көшенің қилысында тұрғаныңызды және жүруге қанша уақыт қалғанын айтып береді.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, ОҚО бойынша мүмкіндігі шектеулі 109 мыңнан астам азамат бар. Оның жартысына жуығы зағип жандар. Бұл бағдаршамдар сол жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қарастыруға бағытталған бірден бір қондырғы. Осындай бағдаршамдарды алдағы уақытта қаланың өзге де көшелеріне орнату жоспарланған. Шымкент қаласы бойынша бүгінде 167 бағдаршам, 7 мыңнан астам жол белгісі бар. Енді дыбысты бағдаршамның жұмыс жасау жүйеленбек. Ал дыбысты бағдаршамдар орнатылған жолдардың қилысында келеңсіз жағдайлар азаятын болады.  Оған сала мамандарының да, тұрғындардың да сенімі мол.

Зағип жандарға, жалпы мүмкіндігі шектеулі қоғам мүшелеріне жан-жақты қолдау көрсету басты міндеттердің бірі болып табылады. Оларды өздерін қоғамның мүшелері екендігін сезіндіру осындай нақты іспен көрсетілсе керек. 

Соңғы жаңалықтар