Шымкентте «қауіпсіз қала» акциясы кезінде мыңнан аса жол ережелерін бұзу жайты анықталды
Оған ЖПҚ қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілер, көлік инспекциясының өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Полицейлер негізгі зейінді автокөлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, жаяу жүргінші өткелдері мен жол қиылыстарында маневрлер жасауда және тәртіп сақшыларына бағынбау және т.б. жайттарды анықтауға көңіл бөлді.
Іс-шараның 2-тәулігінде жол қозғалысы саласы бойынша жалпы 1033 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде: 11-автокөлікті масаң күйде басқару, 222-қауіпсіздік белдігін қолданбау, 194-ұялы телефон пайдалану, 142-автокөлікті күнгірттеу, 88-жол белгілерінің талаптарын бұзу, 40-автокөліктерді құжатсыз басқару, 19-тыйым салынған жерде тоқтау, 6-қарама-қарсы жолағына шығу, 127-жаяу жүргіншілермен ЖЖҚ бұзу, айыптұраққа жол қозғалысы ережелерін бұзған 70- автокөлік қойылды.
ОҚО ІІД ЖПҚ ЖППП қызметкерлерінің қатысуымен 2 күндік рейд іс-шарасы барысында 4 қылмыс ашылды. Оның 2-уі бұзақылық жайты болса, 2-уі ұрлық және тонау жағдайлары бойынша қозғалған, деп хабарлайды ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі.