Шымкентте «ҚазТрансОйл» компаниясы «Халықтық IPO» инвесторлары үшін таныстырылым өткізді

   ШЫМКЕНТ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның облыстық әкімдігінде «Халықтық IPO» бағдарламасының аясында «ҚазТрансОйл» компаниясының таныстырылымы өтті.

Шымкентте «ҚазТрансОйл» компаниясы «Халықтық IPO» инвесторлары үшін таныстырылым өткізді

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы «ҚазТрансОйл» компаниясының әзірге жалғыз акционері болып табылады. Енді еліміздің кез-келген тұрғыны Қазақстандағы алпауыт компанияның акционері бола алады.

Бағалаудан кейін «ҚазТрансОйл» компаниясының 10 пайызға жуық активі акцияланды. Бір қарапайым акцияның құны 725 теңгені құрайды. Акцияға жазылу 6 қарашадан бастап 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Акцияны қарапайым адамдармен қатар зейнетақы қорлары да сатып ала алады.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» компаниясы қазақстандық мұнайдың жартысынан көбін тасымалдайды.