19:06, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Шымкентте қоғамдық көлік бағанаға соқтығысып, 5 адам жарақат алды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қоғамдық көлік жарнама тақтасына соқтығысып қалды. Салдарынан кондуктор мен бес жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Жол көлік оқиғасы Теріскей шағын ауданы аумағындағы Рысқұлов көшесінің бойында болған. 125 бағыттағы «Газель» көлігінің жүргізушісі рольді игере алмай, жарнама тақтайшасы бар бағанаға соқтығысқан. Қазір жарақат алғандар Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдауда. Ал, оқиға орнында облыстық ІІД-нің анықтаушылары жұмыс істеуде.