Шымкентте кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорын іске қосылды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында «Барыс 2007» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер шығаратын фабрикасы ашылды. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Еске салсақ, 2009 жылы «Барыс 2007» ЖШС-іне қарасты макарон өнімдерін шығаратын желіні іске қосу барысына Елбасы Н.Назарбаев қатысқан болатын. Аталған желі сағатына 3500 келі немесе жылына 25 000 тонна макарон өнімдерін шығарады. Сол тұста өндірісте 150 жаңа жұмыс орындары құрылған еді. Ал 2011 жылы қуаттылығы сағатына 1500 келі немесе жылына 11 000 тонна макарон өнімдерін шығаратын екінші желі жұмыс істей бастады. Осының арқасында кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Қысқа уақыт ішінде «Барыс 2007» ЖШС шығаратын өнімдері Қазақстанның ішкі нарығы мен ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. «Мадина» тауар белгісімен шығатын макарон өнімдері сапасы мен дәмділігі есебінен 2010-2011 жылдары «Продэкспо» (Мәскеу қ., Ресей) халықаралық көрмесінде «Үздік тауар» белгісімен марапатталып, 2010 жылы «Қазақстанның үздік өнімі» атанды.

«Биыл кәсіпорында шығатын өнім түрлерін ұлғайту мақсатында кондитер өнімдерін шығаратын желі де іске қосылып отыр. Аталған желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 келі печенье, сонымен қатар Таралли және Торчетти кондитер өнімдері шығарылады. Тәтті өнімдерді шығаратын құрал-жабдықтардың жалпы құны 7 млн. долларды құрайды. Алғашқы кезеңде кәсіпорын печеньенің 18 түрін, «Бөбек», «Наурыз», «Арман», «Шашу», «Экзотика», «Гармония», «Дуэт», «Топленое молоко» т.б. шығаруды жоспарлап отыр. Екінші кезеңде италиялық Таралли мен Торчетти кондитер өнімдерін шағаратын болады» - делінген баспасөз баянында.

Аталған цехта итальяндық «IMAFORNI» компаниясының үздік желісі іске қосылған. Бұл желі жоғары сапалы, пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитер өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорында жаңа 80 жұмыс орны ашылды.

Соңғы жаңалықтар