Шымкентте Конституция күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті (ФОТО)

Маңызды мемлекеттік мереке қарсаңында мыңдаған азамат қолдарына сыпырғыш пен күрек ұстап Шымкент көшелеріне шықты. Қаланы мереке күніне дайындауға ересектер де, балалар да, жасөспірімдер де, тіпті зейнеткерлер де атсалысты. "Бұл біздің қаламыз! Мұнда тіршілік етеміз, күн сайын осы көшелермен жүреміз, ендеше бұл біздің үйіміз. Біз өз пәтерлерімізді тазалықта ұстаймыз ғой, ендеше сыпырғышты қолға алып ауламызды тазартуға не кедергі. Бүгін Мангелдин көшесі бойында тұрған біздің көпқабатты үйдің тұрғындары сенбілікке шықты", - дейді қала тұрғыны Вера Леонтьева.
Тазарту заттарын қолына алған жасөспірімдер қаланы тазартуға білек сыбана кірісті. Үйдің ең жас тұрғындары қоқысты шығарды. Айта кету керек, Конституция күніне орайластырылған жалпықалалық сенбілікке жеке компаниялардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер шықты.
Қаланы абаттандыруға Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та атсалысты. Ол шымкенттіктердің өскелең ұрпағына туған қалаға деген махаббатты қалай көрсетіп дәлелдеуге болатынын көрсетті. Көшеде шаруасыз жүргенше, үйдің маңын тазартқан дұрыс. Жасөспірімдер үшін мұндай шаруа жастар арасындағы түрлі ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алудың шарасы бола алады. Ғабидолла Әбдірахымов Қарасу өзенінің бұлағын тазартуға көмектесті. Ол қайнарды тазартып, оны ірі тастармен қоршауға қолғабыс болды. Бұл оған қоқыстың түсуіне кедергі болуы үшін жасалған шара.
"Шымкент біздің үйіміз. Оны тазалықта ұстауымыз парыз. Тазалық денсаулық кепілі екенін есте сақтап, сенбі күндері ғана қаланы тазартып қоймай, күн сайын бұл шаруамен айналысайық. Біз қаламыздың елдегі үшінші мегаполисіне айналуын қалаймыз ғой. Бұл тұрғындардың және көпқабатты үйлерді көптігін ғана білдірмейді, ол көше, аулалардың тазалығын, тұрғындарының мәдениеттілігін білдіреді ", - деді қала әкімі.
Ғабидолла Әбдірахымов Конституция күнін шымкенттіктер бұқаралық жалпықалалық сенбілікпен атап өтіп жатқандығын айтты. Бұл күндері Шымкент алаңдары мен саябақтарында ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері мен халықтық мерекелер ұйымдастырылуда.