17:11, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Шымкентте Қошқар ата өзенінде жаңа демалыс орны ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Қошқар ата өзенінде жаңа демалыс орны ашылды. Оның ашылуын Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырды.

Демалыс орнын облыс әкімі Асқар Мырзахметов салтанатты түрде ашты.
Демалыс орнының аумағы - 12 га. Арна бойымен 3,6 км балалар және спорттық алаңдары, киім ауыстыру орындары мен дәретханалар орын тепті. Суға түсетін жол да жасап қойған.
Құрылыс 2013 жылдың тамызында басталған. Бұл үшін облыстық бюджеттен 432 млн. теңге бөлінді. Қала тұрғындары демалыс орнын бағалап үлгерді.
"Отбасымызбен жиі осы жерге келіп тұрамыз", - дейді Шымкент тұрғыны Татьяна Севостьянова. - Алайда бұрын мұнда таза болмаған».