Шымкентте ҚР мектеп және колледж оқушыларының VI Жазғы спартакиадасының салтанатты ашылды

ШЫМКЕНТ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында мектеп және колледж оқушыларының VI Жазғы спартакиадасының салтанатты ашылды.
None
None

Ол барлығы 9 мыңнан астам жасөспірімдер қатысатын Қазақстанның барлық аймақтарындағы спартакиадалардың бастауы болды.

«Тек Шымкентте ғана спорттың 14 түрінен жарысатын 1 500 қатысушы жиналды. Ақтық старттар кезінде барлығы 39 спорт түрі бойынша жарыстар өтеді», - деді ҚР Білім және Ғылым министрлігінің денешынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов.

Жазғы спартакиада 2002 жылдан бері өткізіліп, Қазақстанда «Денешынықтыру және спорт туралы» Заңды орындау, мектеп және колледж оқушыларының арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық мектептер жұмысының сапасын арттыру мақсаттарындағы ең бұқаралық кешенді жобалардың біріне айналды. Спартакиаданы өткізудегі тағы бір маңызды сәт - ел командаларының құрамына жас талантты спортшыларды таңдау.

Спартакиада үш кезеңмен өтеді. Бірінші - мектептер мен аудандық деңгейде, содан кейін - қалалар мен облыстарда және соңғысы - ақтық кезең. Барлық кезеңдерде спартакиада қатысушыларының жалпы саны 1 млн. 300 мың адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар