Шымкентте кран жүргізушісі 6 көлікті соқты (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Темірлан тас жолы бойында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан жол үстінде кептеліс пайда болып, көлік жүргізушілері сағаттап бөгелді.

Шымкентте кран  жүргізушісі  6 көлікті соқты (ФОТО)

Мұнда жүк көтеретін кран 6 бірдей көлікті жайпап, жол апатын жасаған. Абырой болғанда, адамдар аман, деп хабарлайды otyrar.kz..

Қиылыстан шыққан арнайы техниканың тежегіші ұстамай қалса керек, алдында тұрған көліктерді соғып өткен. Соңында жарық бағанасын қиратып тынады. Кранның техникалық ахауы барын айтқан жүргізуші алғашында өзінің кінәсін мойындапты. Мұны өзге жүргізушілер айтып отыр.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Көліктері қираған жүргізушілер шағымдарын инспекторларға жазып берді. Енді 6 көлік жүргізушісі соттың шешімін күтетін болады. Сондай-ақ, қираған мемлекет мүлкін кімнің жөндейтіні де белгісіз.
2
3
4