Шымкентте «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» атты іс-шара өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы № 43 жалпа орта мектебінде «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік!» атты іс-шара болып өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аталмыш жиын облыстық прокуратура мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлескен жобасы аясында жүзеге асуда.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткен іс-шарада өзекті мәселелер де көтерілді. Патриоттық рухы биік 100-ден астам оқушы «Отан - оттан ыстық», - деп, ел, жер туралы әндерін шырқады. Сондай-ақ, облыстық наркалогиялық диспансердің дәрігерлері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және де учаскелік инспекторлардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе бойынша учаскелік инспектор қазіргі таңда жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстар мен олардың арасында кездесетін келеңсіз жағдайларға тоқталды.

Ал, облыстық наркодиспансер мамандары психотропты заттардың адам өміріне қауіпті екенін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұсақ құқықбұзушылық жасаған жасөспірімдерге уақтылы көмек көрсету ауыр қылмыстардың алдын алу болып табылады. Айта кету керек, кейінгі кездері жастар арасындағы құқықбұзушылық күн тәртібінен түспей тұр. Мамандар тарапынан жасалып жатқан жұмыстар да аз емес. Көбінесе, оқу орындарына барып түсіндіру жұмыстарын жүргізу өз нәтижесін беруде дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар