Шымкентте мектеп оқушыларына «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы №102 мектеп 9-10-сынып оқушылары арасында «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында арнайы «дөңгелек үстел» өттi. Iс-шараға Шымкент қаласы Қаратау IIБ-ның полиция қызметкерi Е.Жүнiсов қатысып, соңғы кезде жасөспiрiмдер мен мектеп оқушылары арасында болып жататын келеңсiз жағдайлардың жиiлеп кеткенi, оның соңы заң бұзушылыққа әкеп соғатыны туралы айтып бердi. Мектеп оқушылары ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық Кодексiмен таныстырылды. 9-10-сынып оқушылары 3 топқа бөлiнiп, қылмыс, мектепке ұялы телефонның әкелiнуi жайында өздерi ұйымдастырған сахналық көрiнiстер көрсетiп, көпшiлiкке ой тастады.
None
None

Бұл туралы «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазады.

«Қылмыс қайдан шығады? Оны болдырмаудың жолдары қандай?» деген сұрақтар төңiрегiнде мектеп оқушыларының пiкiрi талқыға салынды. Орайы келгенде 8-11-сынып оқушылары үшiн «Кәмелетке толмаған жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстың алдын алу» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары өткiзiлгенiн де айта кеткiм келедi.

Мектептiң кiтапхана меңгерушiсi Ж.Нәзiкбаева «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыбында көрме, бұрыш ұйымдастырды. Мектеп директоры бастаған бiлiм ұясындағы мобильдiк топтың мүшелерi келеңсiз оқиғалардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Қаратау аудандық әкiмдiгiне қарасты аймақтарда орналасқан ойынхана, компьютерлiк клубтар, тойханаларда кешкi сағат 21.00-ден түнгi 1.00-ге дейiн профилактикалық рейдтер өткiздi.

Бұдан бөлек, «Балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу басты мiндет» атты тақырыпта жалпы мектепiшiлiк ата-аналар жиналысы өткiзiлдi. Тарих пәнiнiң мұғалiмi Л.Бейсенбаева баяндама жасады. Мектеп инспекторы Е.Жүнiсов заңнамалармен таныстырып, қоғамда болып жатқан келеңсiз жағдайлар туралы сөз қозғады. Ата-аналарға балаларын үнемi бақылауда ұстауын ескерттi. «Оқушылар арасында құқықбұзушылық жасаған жасөспiрiмдердiң жазасы» туралы видеороликтер көрсетiлдi. «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе» деп М.Әуезов айтқандай, бүгiнгi жастардың тәрбиелi әрi өнегелi азамат болып өсуiне атсалысу ұстаздардың негiзгi мақсаты болуы қажет.

Соңғы жаңалықтар