Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шымкентте нан қымбаттады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда нан бағасы 3 теңгеге көтерілді. Бұған дейін дүкендерде 37 теңгеден сатылған бөлке қазір 40 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкентте нан қымбаттады

Ас атасының қымбаттауын шенеуніктер бидайды сатып алу үшін бөлінетін мемлекеттік субсидияның еселеп азайғанымен түсіндіреді.

Өзге аймақтар нан құнын 65 теңгеге дейін шарықтатқанда Оңтүстік бөлке бағасын 35 теңгеден ұстап тұрды деген мамандар бұл баға өсіміне амалсыздан барғанын айтуда.